АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Жамбыл облысында қызылшаның рекордтық көлемін жинау жоспарлануда (ФОТО)

Өткен жылы "Трансфер" шаруа қожалығы әрбір гектардан 800 центнерден қызылша жинаған. Биыл шаруа қожалығы өткен жылғы нәтижені қайталап қана қоймай, оны жақсартуды да жоспарлап отыр.
Жамбыл 24 Шілде, 09:56

Жамбыл облысының әкімдігі хабарлағандай, "Егінжай - 2017" семинар-кеңесінің бағдарламасы аясында өңір әкімі Кәрім Көкірекбаев Мерке ауданының қызылша өсіретін алқаптарында болды. 

Мұнда басым дақылды өсірумен көптеген шаруашылықтар айналысады. Олардың ішіндегі ең ірісі «Сыпатай батыр» ШҚ, «SMART AGRO KARKARA» ЖШС және «Трансфер» ШҚ болып табылады.

Биыл  шаруа қожалығының басшысы Владимир Бондаренко бірнеше шаруамен бірігіп, 200 гектар жерге қызылша өсірген. Қант қызылшасы ылғал үнемдеу технологияларымен ғана суарылады. 

Сондай-ақ, фермер жан-жақты мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруаларға жақсы жағдайлар жасалып жатқанын да айтып өтті. Сондықтан шаруаларға қант қызылшасын өсіру пайдалы.  

Әкімдіктің ақпараты бойынша биыл тұқым сатып алуға 220 млн теңге бөлінген. Жаңа техника сатып алуға тағы 420 млн көзделген.

Еске сала кетейік, өткен жылы жамбылдықтар 5 мың гектар жерден 104 мың тонна қызылша жинаған болатын. Биыл қант қызылшасы 9 мың гектар жерге егілген. 





Яндекс.Метрика