Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

"Нұр Отан" партиясы пікірсайыс алаңына айналуы тиіс – Н. Ерімбетов

«Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті, «Нұр Отан» Саяси кеңесінің мүшесі Нұрлан Ерімбетов бүгінгі таңда партия қоғамның аса маңызды мәселелері туралы пікірлер айтылатын алаңға айналуда деп санайды, деп партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы28 Желтоксан , 16:23

«Саяси кеңестің отырыстарында түрлі пікірсайыстарға қатысып жүремін. Бүгінде  партия түрлі сарапшыларды шақыра отырып, күрделі, кейде билік үшін қолайсыздау мәселелерді көтереді. Мұны партия жұмысындағы ілкімділік деп бағалаймын», – деді Нұрлан Ерімбетов.

Нұрлан Ерімбетов оған мысал ретінде «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысын атады.

«Биылғы жылы оның жұмысы жандана түсті деуге болады. Сан алуан пікірдегі адамдар жиылып, күн тәртібіндегі күрделі мәселелерді талқылады», – деп атап өтті саясаттанушы. 

Дегенмен, алдағы жылда партия жанындағы пікірсайыс алаңдарының жұмысын арттыру қажет деп санайды.

«Жалпы алғанда, партияның өз ішінде қызу пікірталас болуы керек, ол жоқ емес, бар, тек оны күшейту қажет. Қандай да бір мәселеде пікір қайшылығы туындайтын түрлі топтағы адамдар, партия мүшелері «Нұр Отан» партиясының алаңдарында өз ойларын еркін жеткізе білуі керек. Бұл тұрғыдан, партия бүгінгі таңда көзқарасы партияның немесе билік құрылымдарының пікіріне сай келе бермейтін адамдарға өздерінің ашықтығын көрсетіп отырғанын байқаймын», – дейді Нұрлан Ерімбетов.

Сондай-ақ, партия үшін ең маңыздысы – қазіргі билікке қарсы пікір білдіруші ұйымдардың өкілдерін пікірталасқа шақырып, олармен пікір таластырудан қашпай, өз ойын білдіріп, ортақ мәселелерді шешу қажеттігін атап өтті.  

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика