Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстанда мәдени-тарихи маңыздағы 450-ге жуық нысан бар

ШҚО-ның көрнекті орындары Қазақстанның мәдени көрнектілігінің виртуалды картасына енеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан24 Шілде , 09:12

Құрамында  картограф-топограф, геодезист, 3D-операторы бар команда  Шығыс Қазақстан облысына  өңірдің  сакралды, тарихи-мәдени  және туристік нысандарын  виртуалды картаға енгізуге келді.

Жобаны ұйымдастырушылар айтып өткендей, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, 2014 жылғы  ҚР мәдени тұжырымдамасы мен  2020 жылға дейін туристік саланы дамыту  негізінде мәдени-туристік кластерді зерттеу,  жүйелендіру және  мәдени орындарды  ғылыми картографтау жүзеге асырылады.

Осыған орай  зерттеуі топтары  құрылып, мәдени және тарихи орындарды виртуалды картаға енгізу бойынша  жалпыхалықтық  жоба әзірленді.

Жалпы, Қазақстанда  450-ге жуық тарихи-мәдени маңыздағы  нысан бар. ШҚО-да зерттеушілерді  32 нысан қызықтырды.

 




Яндекс.Метрика