EXPO-2017

ЭКСПО-2017: Жапондықтар қара жорға биледі (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Жапонияның ұлттық күні ЭКСПО-2017 көрмесінде өтті. Бұл күні «Hoekago» жапон шеруі өтті, сонымен қатар спорттық, музыкалық және би шоулары өтті.
Нұр-Сұлтан 24 Шілде, 08:47

Қатысушылардың барлығы «Hoekago» сөзін дауыстап айтып жатты, бұл парадтың мағынасы. Жалпы, бұл шара Жапонияда жиі өткізіледі, онда ұлттық салт-дәстүрмен танысуға болады.  

Шеруге қатысушалыр қылыштасу, каратэ және өзгеде спорттық шоуларды көрсетті.

Жапондықтар – жоғарыинтелектуалды халық және жаңа технологиялар саласы өте жақсы дамыған. Сонымен қатар, ол көне мәдениеті мен музыкалық мұрасы бай ұлт.

Музыкант Хиромицу Агацума  бастаған жапондық әртістер ұжымы «цугару сямисэн» үш ішекті аспапта ойнап, қонақтарға өз өлеңдерін ұсынды.

Мерекелік шаралар Жапония павильонында өз жалғасын тапты.

Жаңа технологиялардың фестивальдік музыкасы мен бидің үндесуі мемлекеттің әр әймағын интерактивті дыбыстықвизуалдық шоумен таныстыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, келушілер дәстүрлі жапондық биді билеуге мүмкіндік алса, жапондық қонақтар қазақтың ұлттық «Қара Жорға» биін билеп, өнер көрсетті.

Атап өтер болсақ, Осака қаласы өз кандидатурасын ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесін 2025 жылы өтізуге ұсынды.

Осы ретте, аталмыш қаладан келген ұжым мақсаты өз кандудатурасын насихаттау болып табылатын арнайы биді орындады.

Жапония павильонының өзінде табиғат құбылыстары күн, су мен жел жапондық дәстүрлі өрнектер және табиғатпен бейнеленген. Бұл туралы Жапонияның ЭКСПО-2017-дегі таңбасы да айтып тұр.

Бұдан басқа, Ұлттық күн сахнасындағы мәдени шаралар аясында күн шығыс елінің рухын ашып көрсететін театрландырылған қойылым қойылып, музыканттар өнер көрсетті.

Ақбота Күзекбай

Фото Абзал Қалиев





Яндекс.Метрика