Халықаралық интеграция

Чжэцзян провинциясы Қазақстанға 500 млн доллардан астам қаражат инвестициялады (ФОТОРЕПОРТАЖ)

2016 жылы Чжецзян-Қазақстан бағыты бойынша сауда айналымы 530 млн долларды құрады. Бұл туралы Чжэцзян провинциясы үкіметінің халықаралық байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Пэн По Ханжоу қаласындағы (Қытай) қазақстандық журналистермен кездесуде хабарлады.
Нұр-Сұлтан 22 Шілде, 12:09

Чжэцзян провинциясының басшысы хабарлағандай, бұл провинция Қытайдың оңтүстік-шығыс бөлігінде, жағалауда орналасқан. Оның құрлықтық көлемі 100 мың шаршы шақырымды, ал акваториі 260 мың шаршы шақырымды құрайды. Бүгінде провинцияда тұрақты түрде 55,9 млн адам тұрады.  

«Чжецзян провинциясы тарихы бай мәдени орталық, Қытай өркениетінің қайнар көзі. Бізді көне тау мүсіндерінен 10 мыңнан астам жыл бөліп тұр, провинция астанасы  – Ханчжоу қаласы – Қытайдың табиғаты әсем көне жеті қаласының бірі, отанында жұмақ мекені деп аталыпта жүр. Ханчжоу 2 рет Қытайдың астанасы болды. 2016 жылы қала G20 саммитін қабылдады.  Чжецзянның халықаралқ қарым-қатынасының тарихы  тереңде. Осыдан 1200 жылдан астам уақыт бұрын оның жібегі, шайы, қышы мен өзгеде тауар түрлері Азия мен Еуропа елдеріне «Жібек жолы» бойымен жеткізіліп тұрды. Бүгінде Төраға Си Цзиньпиннің басшылығымен «Біл белбеу – бір жол» жобасының құрылысы жүргізілуде, ол Чжецзянға әлемнің 200-ден астам елімен экономикалық және сауда байланыстарын орнатуға мүмкіндік береді»,- деді П.По.

Ол атап өткендей, Чжецзян – Қазақстан бағыты «Біл белбеу – бір жол»  аясында өте маңызды және белсенді дамып келе жатқан сауда бағыты.

«2016 жылы сауда айналымы 530 млн долларды,  19 кәсіпорынды құрады. Чжецзянға қазақстандық инвестициялар 15 кәсіпорынды немесе жалпы сомасы 22,980 млн доллар болатын келісімшарттарды құрады. Әлемдік экономиканың белсенді даму жағдайында  аймақтар арасында ынтымақтастықтың дамуы мемлекеттер үшін қор алмасу, жалпы даму мен прогресс басымдылық болып табылады. Осы ретте, Қазақстан мен Чжецзян арасындағы ынтымақтастытың дамуының әлеуеті зор», - деп атап өтті По мырза.

Оның айтуынша, Чжецзян провинциясы экономикалық тұрғыда дамыған, 2016 жылы провинцияның ЖІӨ 699,8 млрд долларды құрады, жан басыша шаққанда 12,577 мың доллардан болады. Жалпы бұл провинция Қытай жерінің 1%, халық санының 4% алып отса, жалпы ұлттық экономиканың 6% қамтамасыз етіп отыр.

«Жеке кәсіпорындар үлесі ұдайы артуда, бүгінде олар жалпы көлемнің 70%-дан астам бөлігін құрайды. Провинцияда 5,2 млн астам компания бар, жан басына шағатын болсақ шамамен 1 компания 11 адамға. Бұдан басқа, Чжецзянның 2 млн өкілі экспорттың дамуына үлкен көңіл бөліп отыр, өткен жылы сыртқы сауда операциялары 326 млрд долларға жуық шамада болды, бұл ел экспортынының 12,8%-ы»,- деп толықтырды провинция басшысы.

Сонымен қатар, ол атап өткендей, Қытайдың ірі нарықтарының бір болып табылатын Чжецзянда 4 мыңнан астам сауда алаңы бар, солардың бірі Иу қаласы – ол әлем бойынша азық-түлік емес тауарлардың ірі сауда алаңы, бір күндік тауар айналымы 147 млн долларға тең.

 

«Жеңіл өнекәсіп, халықтық тұтыну тауарлар, машинақұрылысы, кемеқұрылысы, күн энергиясының құралдары мен жабдықтары, электроника, ауыл шаруашылығы және өсімдіктерді қорғайтн арнайы заттар Қытай экономикасында маңызы зор. Әлибаба чжецзяндық компания әлем бойынша электронды сауда саласында бірінші орында. Чжэцзянда ұлттық дәрежесі бар 19 парк жұмыс істейді,  бұл Қытай бойынша ең көп орналасқан жер.  Аймақтағы жер көлемнің 61%-ын орман басып отыр. Туризм саласының дамуына ерекше дең қойылған, өткен жылы оның табысы 117 млрд доллордан асты, бұл ЖІӨ құрылымында 7%-дан көп. Провинцияда 573 млн қытайлық, 11,2 млн шетелден келген туристер болды. Чжецзянның теңіз қоры да өте бай, мұнда Қытай бойынша ең ірі Нинбо-Чжоушань кемежайы орналасқан»,- деп түйді П.По.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика