Басқару

Н.Назарбаев Үндістан Республикасының жаңа Президентін құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рам Натх Ковиндке Үндістан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан21 Шілде , 18:22

Мемлекет басшысы барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан жаңадан сайланған Үндістан Республикасының Президентін құттықтады.

«Біз халықтарымыздың өсіп-өркендеуі жолында достық қарым-қатынасымыз бен тығыз ынтымақтастығымызды нығайту үшін бар күш-жігерімізді жұмылдыратынымызға сенімдімін. Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізге табыс, ал достас Үндістан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.




Яндекс.Метрика