Халықаралық интеграция

Қазақстан Елшісі Хорватия Республикасының Президентіне сенім грамотасын тапсырды

Загреб қаласында Қазақстан Республикасының Елшісі Төлежан Барлыбаев Хорватия Республикасының Президенті Колинда Грабар-Китаровичке сенім грамоталарын тапсырды.
Нұр-Сұлтан 21 Шілде, 17:58

ҚР СІМ хабарлағандай, салтанатты шарада отандық дипломат мемлекет басшысын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Хорватияның Мемлекеттік күнімен құттықтады және Хорватия халқына ең ізгі тілектерін жеткізді.

Қазақстан мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығының аясында Елші Қазақстан-Хорватия ынтымақтастығын жан-жақты нығайтуға және халықаралық аренада екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған Астананың саясатына назар аударды.

Президент К. Грабар-Китарович саяси диалогты дамытуда елеулі әлеуетті атап өтті, сондай-ақ Хорватия мен Қазақстан арасындағы саяси, мәдени, сауда-экономикалық салаларында өзара ықпалдасуға және екі елдің халықаралық сахнада бірлескен өзара іс-қимылдарға өзінің дайындығын білдірді. Хорватияның Мемлекет басшысы қазақстандық дипломатқа табысты жұмыс тіледі.





Яндекс.Метрика