EXPO-2017

Жаңартылатын энергия болашақтың энергиясы болып табылады – Дэвид Дэй Пача

ЭКСПО-2017 көрмесінде Соломон Аралдарының Ұлттық күні атап өтілді. Іс-шараға ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов, Соломон Аралдарының тау-кен өндірісі, энергия және ауылдарды электрлендіру министрі Дэвид Дэй Пача және басқа да ресми тұлғалар қатысты, деп хабарлады «Астана – Экспо-2017» ҰК» АҚ.
Нұр-Сұлтан 21 Шілде, 18:57

Дэвид Дэй Пача өз сөзінде Соломон Аралдары қалалы жерлерде де және ауылды жерлерде де арзан жаңартылатын энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін маңызды әлеуетке ие екенін атап өтті.

«Болашақ жайында айтар болсақ, жаңартылатын энергия біздің еліміз үшін болашақтың энергиясы болып табылады. Донорлар қаржыландыратын энергетикалық жобаларға мысал ретінде Fiu Hydro жобасын келтіруге болады, бұл – Азия Даму банкі атынан кредит пен грант негізінде компаниямен бірлесіп іске асырылып жатқан тағы бір жоба», - деді ол.

ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов көрме аясында өткізіліп жатқан ұлттық күндер көрмеге қатысушы елдер арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал ететін халықаралық мәдени алмасу құралы болып табылатынын атап өтті.

«Осы көрме қазіргі заман түсінігінде, таза жаһандық энергетиканы дамыту идеяларын ілгерілетуде жаңа бет ашатынына сенімдімін. Көрмеде дәстүрлі және баламалы энергияны өндіру мен тұтыну саласындағы үздік «әлемдік әзірлемелер», болашақ жобалар ұсынылған», - деді А. Қамалдинов.

Ресми ашылу шарасынан кейін қонақтар белгілі Inamauri Panpipers тобының және вокалист Эван Манунуаның өнерін тамашалады.

Бұдан бөлек, ресми делегация қазақстандық «Нур-Әлем» павильонын және Соломон Аралдары павильонын аралады.





Яндекс.Метрика