Білім беру

ҚР БҒМ: ЭКСПО көрмесіне байланысты оқушылардың демалысын ұзарту жоспарда жоқ (ФОТО)

ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне байланысты оқу жылын ауыстыру мүмкіндігі туралы өз пікірін білдірді.
Нұр-Сұлтан 21 Шілде, 17:13

«Әзірше барлығы жыл сайынғы жоспар бойынша келе жатыр, бұл мәселе бірнеше рет қаралған болатын, Білім және ғылым министрлігі осыған қатысты ешқандай бастама жоспарлап отырған жоқ. Астана қаласының әкімдігі тиісті шешім қабылдаған жағдайда, ол жайында өзі жариялайды», - деп ақпараттандырды Арын Өрсариев.

Бұдан бөлек, ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова талантты және дарынды оқушыларды қолдау үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтып берді.   

«Мектептер осы мәселе бойынша бірнеше бағытта жұмыс істеп келеді, бұл, ең алдымен, дарынды балаларды қолдау. Біздің елімізде бүгінгі таңда орта білім беру жүйесінің көшбасшысы болып табылатын Назарбаев Зияткерлік мектептері желісі бар. Бүгінде НЗМ тәжірибесін еліміздің барлық мектептерінде көрсету іске асырылуда. Бұдан бөлек, қазақстандық мектеп оқушыларының әлемдік интеллектуалдық байқауларға қатысуы үшін арнайы бағдарламалармен, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытумен айналысатын мамандандырылған білім беру ұйымдары желісі бар», - деп атап өтті Ш. Каринова.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика