Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Алматыда шаңғы жарысы бойынша ҚР Кубогы аяқталды

Алматыда шаңғы жарысы бойынша республикалық Кубок мәресіне жетті, деп хабарлайды шаңғы жарысы федерациясының Бас демеушісі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның баспасөз қызметі.
Алматы қаласы28 Желтоксан , 16:30

«Жарыстың алғашқы күні ерлер арасындағы бәсекеде Николай Чеботько топ жарса, юниорлар арасында Константин Борцовтың, жасөспірімдер арасында Олжас Климиннің, әйелдер арасында Елена Коломинаның мерейі үстем болды. Юниор қыздар арасында Зура Калипенова, қыздар арасындағы Ангелина Шурыга жеңімпаз атанды», - делінген хабарламада.

Жарыстың екінші күнгі «классикалық» бәйгеде Елена Коломина үздік шықты. Ерлер жарысында турнирде Николай Чеботько екінші рет жеңіске жетті.

Ал жарыстың үшінші күні скиатлон жарысында ерлер арасында Марк Старостин бірінші келді. Юниорлардан Ренат Мусин, әйелдерден Елена Коломина, юниор қыздардан Екатерина Мандрика, қыздардан Валерия Тюленева топ жарды.




Яндекс.Метрика