EXPO-2017

Елордада Шығыс Қазақстан облысының күндері өтеді

Елордада Шығыс Қазақстан облысының күндері өтеді. Мерекелік концертке ШҚО тумасы Роза Рымбаева қатысып, өнер көрсетеді, деп хабарланды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында.
Нұр-Сұлтан22 Шілде , 11:36

21-24 шілде аралығында сағат 18.00-ден Бәйтерек монументінің алаңында және «Студенттік» саябағында «Парус» сахнасында ШҚО шығармашылық ұжамдарының қатысуымен концерт өтеді. Оған қоса «Ата-бабалар мұрасы» археологиялық артефактілер көрмесі және «Туған жеріме» атты фотокөрме ұйымдастырылады.

21 шілдеде сағат 18.30-да М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрнда Абай атындағы театрдың қойылымымен Э. Портердің «Поллианна» спектаклі көрсетіледі.

23 шілдеде шаралар сағат 15.00-ден бастап өткізіледі. «Қазанат» ипподромында астаналықтардың назарына ШҚО қолөнершілерінің көрмесімен «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешені және өңірлік шеберлердің қатысуымен театрландырылған концерт ұсынылады.

ШҚО облысының мәдени күндері аясында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Нұрлы Шығыстан – нұрлы әлемге нұр шашу» атты концерт өтеді. Шара амфитеатрда ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында 25 шілде күні сағат 21.00-де өткізіледі.




Яндекс.Метрика