Білім беру

Астанада 22 тамызда Педагогтердің республикалық тамыз конференциясы өтеді

2017 жылғы 22 тамызда Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің павильонында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білім беруге үлес қосу» атты республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында белгілі болды.
Нұр-Сұлтан 21 Шілде, 16:51

Педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы – жаңа оқу жылының басталуына және жаңа идеяларға бастама беретін дәстүрлі оқиға.

Конференция Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді іске асыру аясында білім беру саласын жаңғырту жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзіреуге, басқару проблемалары мен инновацияларды талқылауға арналған сұхбат алаңына айналады.  

Конференция аясында 7-21 тамыз аралығында өңірлерде және Назарбаев Университетінің, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің базасында білім беру жүйесінің әр түрлі бағыттары бойынша секциялық кеңестер ұйымдастырылады. Секциялық кеңестер мен пленарлық отырыс жұмысының қорытындылары бойынша ұсынымдар қабылданады.

Сондай-ақ «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және «Болашақ» қауымдастығымен бірлесіп, EduTech білім беру саласындағы стартап жобалар байқауы іске қосылады. Байқау финалы Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында өтеді.

Оrtcom.kz хабарлағандай, пленарлық отырыс бағдарламасы төрт блоктан тұрады: спикерлердің TEDx форматында «таратуға лайықты идеяларға» арналған жұртшылық алдындағы және ғылыми-танымал сөз сөйлеуі; EduTech білім беру саласындағы стартап жобалардың, Қазақстан кәсіпкерлерінің білім беру саласын жетілдіру жөніндегі әлеуметтік маңызды бизнес бастамаларының республикалық байқауы; кейіннен әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшалар арқылы тарату үшін білім беру саласындағы микрофильмдер көрсетілімі; білім беру жүйесінің жетістіктер көрмесі.





Яндекс.Метрика