Парламент

Мәжіліс депутаты ШҚО тұрғындарымен өзекті мәселелерді талқылады

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясы жетекшісінің орынбасары, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов 10-19 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысының сайлаушыларымен 33 кездесу өткізді. _________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі Ақпарат көзі: http://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id36879/1/1 Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
Шығыс Қазақстан22 Шілде , 10:31

ҚР Парламентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, депутат Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Аягөз қаласы және Тарбағатай, Қарағаш, Ақши, Сарыарқа, Баршатас, Қосағаш, Мәдениет, Айғыз, Мамырсу, Шыңқожа ауылдарында, Жарма ауданының Шар қаласында және Қалбатау, Суықбұлақ, Бірлік, Жаңғыз-төбе, Қапай батыр, Үшбиік ауылдарында, Үржар ауданының Үржар, Қарақол, Шолпан, Жоғарғы Егінсу, Ақшоқы, Қарабұта, Көктал, Бестерек, Жаңа тілек ауылдарында болды.

Кездесулерде депутат Н.Сабильянов сайлаушыларға 6 сайланымның 2-ші сессиясындағы Парламент Мәжілісінің және "Нұр Отан" партиясы парламенттік фракциясының қызметінің қорытындылары, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауының нақты бағыттары, Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер және Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы туралы айтып берді.

Сайлаушылар өз кезегінде ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн субсидиялау, тұрғын үймен және ауыз сумен қамтамасыз ету, көлік жолдарын жөндеу, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту мәселелерін, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік төлемдер, интернет желісі, мәдениет және білім нысандары құрылысы, жер мәселесін және басқа да мәселелерді көтерді.

Сайлаушылардың қойылған сұрақтарына депутат өз жауабы мен түсіндірмелерін берді. Сонымен бірге, Сабильянов Н.С. Аягөз қаласында салынып жатқан білім беру, сумен жабдықтау және су бұру нысандарымен, республикалық маңызы бар Шар - Қалбатау және Таскескен - Бақты автожолдарын жөндеу жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ, кездесулер барысында депутат Н.Сабильянов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.




Яндекс.Метрика