Экология

Қызылорда облысында 10 мың гектардан астам жерге ағаш отырғызылмақ

Қызылорда облысында орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Қызылорда21 Шілде , 19:54

Биыл да жалғасын тапқан осы шаралар аясында мемлекеттік орман қоры жерлеріне 10709 гектар ағаш көшетін егу жоспарланған. Жарты жылда осы межелі аумақтың 3709 гектарына сексеуіл, жеміс ағаш көшеттері егілді. Оның ішінде 2500 гектары Арал теңізі ұлтанына егілген, агротехникалық талаптарға байланысты теңіз табанына көшет егу енді күзде жалғасады.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жыл басынан бері қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша орман билеті және ағаш кесу билеті барлығы 187 адамға берілді. Орман заңнамасын бұзудың алдын-алу, оны анықтау мақсатында, қазіргі таңда орман шаруашылығы мекемелері мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде 72 рейд ұйымдастырылды, заңсыз орман ағашын кесудің 5 жағдайы анықталды.  

"Бүгінгі күні 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Облыс әкімінің 2017 жылғы  30 наурыздағы №519-ө өкімімен 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылды. Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндіруші қызмет атқарады. Орман өрттерін сөндіру үшін биылға 23,1 тонна (дизель 13,2 тонна,  бензин 9,9 тонна) жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалды", - делінген хабарламада. 

Орман өртін болдырмау мақсатында жаңадан 185 шақырымдық минералдық жолақтар  және 1710 шақырымдық ескі минералдық жолақтар қалпына келтірілді.




Яндекс.Метрика