Адами капитал

Қызылорда облысында "Өрлеу" жобасы аясында 145,3 млн теңге бөлінген

Қызылорда облысында "100 нақты қадам" ұлт жоспарының 84-қадамында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі кешенді шаралар іске асырылуда. Әлеуметтік саясаттың тақырыбы атқарушы билік қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қалуда.
Қызылорда22 Шілде , 13:02
Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, биыл өңірдегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмек (ШАК) көрсетуге бюджеттен 145,3 млн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 86,3 млн теңге қаралып отыр.
Жарты жыл шеңберінде 2623 адамға (445 отбасы) 89,1 млн теңгеге шартты ақшалай көмек тағайындалып, 2515 тұрғынға (429 отбасы) 54,6 млн теңгеге көмек көрсетілді. Шартты ақшалай көмектің орташа айлық мөлшері 5663 теңгені құрады.
Шартты ақшалай көмек алып отырғандардың 65%-ы - 18 жасқа дейінгі балалар, 0,2 пайызы - зейнеткерлер, 0,8% - барлық топтағы мүгедектер, 2,5% - күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер, 10,0% - бала күтімімен отырғандар, 21,5% - еңбекке жарамды жастағылар.
Жоба аясында әлеуметтік келісімшарт негізінде ШАК алушылардың қатарындағы еңбекке жарамды 519 жұмыссыз азаматтың барлығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, 277 адам тұрақты, 234 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді. 



Яндекс.Метрика