Халықаралық интеграция

Түркия мен Маңғыстау облысы арасындағы тауар айналымы 25,4 млн долларды құраған

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов мұнай және газ саласына инвестиция тарту мақсатында «Биби Энерджи», «Энерво Энерджи» компаниясының өкілдерімен кездесті.
Маңғыстау22 Шілде , 12:33

Маңғысту облысының әкімдігінде хабарланғандай, бүгінгі күні Каспий жағалауындағы елдер өзара ынтымақтастық жасауда. 

Түркия және Маңғыстау облысының тауар айналымы 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 25,4 млн АҚШ долларын құрады, ол 2016 жылмен салыстырғанда 2,6 есеге артық.

Инвесторлар ұсынған жобаның болашағы зор, өйткені «Биби Энерджи» компаниясы Маңғыстау облысының аймағында битумды өңдеумен айналысатын болады. Инвестиция сомасы 120 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл құрылыс барысында 200 жаңа жұмыс орнын және іске қосылған кезінде 160 орын ашуға мүмкіндік береді. Инвесторларға ұсынылған жер «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан.

Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Биби Энерджи», «Энерво Энерджи», «Кассанов Инвестмэнт Групп» арасындағы төртжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Кездесуде аймақтың инвестициялық әлеуеті таныстырылды. «Биби Энерджи» компаниясы электр энергиясын сату және сауда, логистика салаларында үлкен тәжірибесі бар әлемдік жетекші, тәуелсіз компаниялардың қатарына кіреді. Компания жыл сайын 17 млн метрикалық тонна шикі мұнай және оның өнімдерін сатуда.

"Бүгінгі кездесу біздің ынтымақтастыққа жаңа серпін беретін болады, өйткені біздің аймақ жаңа қызмет саласын және жаңа жобаларды ашуға мүмкіндік береді. Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов облыс әкімдігі кез келген бірлескен бастамаларға және инвестицияны қорғау мәселесінде де қолдау көрсетуге дайын екеніне сенім білдіремін", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.




Яндекс.Метрика