Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

«Нұр Отанның» орталықтандыру саясаты қоғамды біріктіреді – ҚСЗИ ғылыми аға қызметкері

ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) аға ғылыми қызметкері Юрий Булуктаев «Нұр Отан» партиясының жүргізіп отырған орталықшылдық саясаты қазақстандық қоғам үшін біріктіруші фактор болып табылады деп санайды, деп партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы28 Желтоксан , 16:01

Юрий Булуктаевтың айтуынша, орталықшылдық идеологиясы – оңшыл немесе солшыл партиялық қозғалыстар мен топтар арасында аралық позиция болып табылатын маңызды саяси мәселелер бойынша саяси ұстамды айқындама болып табылады.

«Орталықшылдық идеологиясы Доктринада саяси тұғырнама ретінде айқындалған.  Партия өзінің орталықшылдық саясатын қоғам мен мемлекет алдында тұрған міндеттердің кең ауқымдылығымен байланыстырады. Ол  аталған міндеттерді шешу үшін жаңа әдістерді ұсынып, еліміздегі саяси қайшылықтарды жоюға, «тігісін жатқызуға» мүмкіндік береді», – деп санайды ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері. 

Сондай-ақ ол орталықшылдық саясаты қоғамдағы тұрақтылық пен ауызбіршілікке, әлеуметтік-экономикалық прагматизмге, халықтың тұрақты дамуы мен олардың арасындағы мүдделер тепе-теңдігіне негізделгенін атап айтады.

«Орталықшылдық саясатта халықпен кері байланыс орнатылуы тиіс. «Нұр Отанның» мұндай кері байланыс құралы ретінде қоғамдық қабылдау бөлмелерін атауға болады», – дейді сарапшы.

Оның пікірінше,  орталықшылдық идеологиясы  саяси тұрақтылық арқылы халықты жұмылдыруды қамтамасыз етеді.

«Нұр Отан» партиясы орталықшылдық саясатын таңдай отырып,  «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқындалған міндеттерді  жүзеге асыратын қоғамдық күштердің біріктіруші өзегі болуға дайын екендігін білдіріп отыр. 

 




Яндекс.Метрика