Экономика

Бизнес-жобалар жәрмеңкесінде 30 үздік бизнес-идея ұсынылды

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов Ақмола облысы Арнасай елді мекенінде «Болашаққа қадам» республикалық жобасы аясында өткен бизнес-жобалар жәрмеңкесіне барды.
Ақмола21 Шілде , 20:17

А.Нүкенов мұндай іс-шаралардың әсіресе ауыл тұрғындары үшін өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

"Жалпы, ағымдағы жылы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен 588 млн теңге сомасына 55 грант беріледі. Азаматтарды жұмысқа орналастыру механизмдерін жетілдіруге бағытталған осы жоба мәселені ауылдар мен шағын қалалар тұрғындарының кәсіпкерлік белсенділігі мен әлеуметтік жауапкершілігін қолдау мен ынталандыру арқылы шешетінімен қызықты. Мұндай жобалар мемлекеттік органдар мен бизнес қоғамдастықтардың қолдау көрсетуін қажет етеді деп санаймыз", - деп атап өтті вице-министр.

«Жұмысқа орналастыру қызметін ұйымдастыру» жобасын Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің гранты негізінде «Әйел сәулесі» қоғамдық бірлестігі «Қазақстанның волонтерлар альянсы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп жүзеге асыруда.

Жобаның негізгі мақсаты жаңа жұмыс орындарын құру және «Болашаққа қадам» республикалық байқауы нәтижесінде іріктелген елді мекендердегі бизнес-жобаларды жүзеге асыру арқылы ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыру.

Қазақстанның барлық аймағынан түскен 144 өтінімнің ішінен 30 үздік бизнес-идея таңдап алынды. Финалдық кезеңнің қатысушылары өз жобаларын бизнес-жобалар жәрмеңкесі барысында сарапшылар алдында қорғады.




Яндекс.Метрика