Адами капитал

Тамара Дүйсенова "Нұр Отан" партиясында азаматтарды қабылдады

Келесі жылдан бастап Елбасының тапсырмасы бойынша жалпы зейнетақыны есептеу әдістемесі өзгереді. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова азаматтарды әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша қабылдау барысында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан22 Шілде , 11:04

Оның айтуынша, 2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақы көлемі 2017 жылмен салыстырғанда бір жарым есеге өспек. Ол үшін қазынадан 267 млрд теңге көзделген.

Бұдан бөлек, Тамара Дүйсенова былтыр 35%-ға көбейген мүгедектер жәрдемақысы 2018 жылдың 1 қаңтарынан тағы 16%-ға жоғарылайтынына назар аударды. 

Өңірлермен тілдесу барысында Қарағанды қаласынан байланыс орнатқан зейнеткерлер қауымы, зейнетақы және жәрдемақымен қатар көтерілген бағаға қатысты әлеуметтік дәріханаларда дәрілерді электрондық тізім бойынша сатып алуды ұйымдастыруды сұрады.

"Үкімет отырыстарында зейнеткерлеріміздің бағалардың күрт шарықтауы салдарынан мемлекет көмегін сезінбей қалып жататынын айттым. Қазіргі кезде тиісті жұмыстар қолға алынды. Мысалға облыс әкімдіктеріндегі тұрақтандыру қорлары, аса қажетті тауарлардың бағасы ушығатын болса, халық сұранысын өтей білуі қажет. Премьер-министр құзырлы министрлікке бағаны реттеуде ұсыныстар енгізуді тапсырып, жыл аяғына дейін осы мәселенің шешімін табу керектігін нұсқады", - деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.

Негізінен қабылдауға келген азаматтар жәрдемақы мен мүгедектік тобын тағайындау, еңбек құқықтарын қорғау сияқты бағыттарда арыз-шағымын жеткізді.




Яндекс.Метрика