Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

«Парыз» байқауының мерейтойлық кезеңіне 200 өтініш келіп түсті

Қазақстанның барлық өңірінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» және еңбек әулеттері мен өндіріс еңбеккерлері арасындағы «Еңбек жолы» байқауларына қатысуға өтінімдер қабылдау жалғасуда.
Нұр-Сұлтан21 Шілде , 20:47

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен атап өтілгендей, Қазақстанда тәуелсіздік жылдары әлеуметтік жауапкершілік қағидатын жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалды. Байқауды өткізген жылдары (2008-2016 жылдары), оған елдің барлық өңірінен 4 мыңнан астам кәсіпорын қатысты.

Былтыр, яғни 2016 жылы бекітілген республикалық «Еңбек жолы» байқауы болса, үш аталым бойынша ұйымдастырылуда: «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».

Бүгінгі таңда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауына 200 кәсіпкерлік субъектісі қатысуға ниет білдірді. Оның ішінде «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымында – 99, «Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымында – 32, «Үздік ұжымдық шарт» аталымында – 43, «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымында 26 бизнес өкілі бақ сынамақ.

«Еңбек жолы» байқауына түскен 86 өтінімнің 28-і «Үздік еңбек әулеті» аталымына, 29-ы «Өндірістің үздік жас маманы» аталымына және 29-ы «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымына тиесілі болып отыр.

«Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Еңбек күніне орайластырылған өңірлік еңбек форумдарында және қазан айында «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» республикалық форумында өтетін болады.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының жүлдегерлерін желтоқсан айында Мемлекет басшысының өзі марапаттайды деп күтілуде.




Яндекс.Метрика