Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Құқық қорғау қызметтері орталығында қандай қызмет түрін алуға болады (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Strategy2050.kz» АА бұған дейін хабарлағандай, бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ғимаратында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды. Орталық Ұлт жоспары «100 нақты адамды» жүзеге асыру аясында ашылды және ХҚКО қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Аталмыш орталықтың жұмыс барысымен біздің фоторепортаждан таныса аласыздар.
Нұр-Сұлтан 21 Шілде, 14:25

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов хабарлағандай, Орталықтың кіреберіс жері ұлттық ою өрнекпен безендірілген. Ал, ресепшннен шаңырақты көресіз. Бұл ойластырылған өзіндік дизайн.

«Бір шақырақтың астында барлық қызмет түрін жинақтадық. Бұл барлық туындаған мәселені бір жерде мүмкіндік береді», - деді М. Ахметжанов, орталықты таныстыру барысында.  

Орталыққа келген азамат көбіне сотқа дейінгі мекемелердің жұмысына деген немқұрайлылығына шағымданады.

«Көбіне адам өте ашулы және шағыммен келеді, оның сөзінен прокурорға түсінікті ақпарат берілуі тиіс. Яғни, қарапайым азаматтың шағымын қабылдайтын адам бізде конкурстан өтіп, іріктелініп алынғандар. Олар адамның эмоциясына қарамастан ақпараттық жүйені нақты мәліметтермен толықтырады», - деп түсіндірді Бағдат Мусин.

Сонымен қатар, мұнде Электронды үкімет аймағы бар. Егер, келушіге ХҚКО-дане анықтама керек болса, ол оны ғимараттан шықпастан ала алады.

Орталықта жаңа қызмет түрі бар. Мысалы Прокуратура әкімшілігіне және де өзгеде органдарға видео жолдау жібере алады.

«Кез келген азамат осында келіп видеожолдау жібере алады. Енді оны қалай жіберуге болатынына тоқталсақ, бірінші кезекте жеке куәлігіңізді камераға жақындатасыз, содан соң телефон номеріңізді және пошта жәшігіңіздің мекен-жайын жазып кетесіз. Содан соң видео жазба жазасыз, кейіннен арнайы құпия коды бар талон беріледі», - деп хабарлады Шоқан Әбділманов «Азаматтар үшін үкімет» корпорациясының басқарушы директоры.

Шағымданушыға видеожолдауына жауап талонның кодтық номері арқылы келеді. Яғни, ол үйінен шықпай жауапты ала алады немесе арнайы орталыққа келіп берілген жауаппен танысса болады.

Азаматтардың арыз-шағымдарын уақытылы әрі тиімді шешу үшін бұл жұмысқа адвокаттар, медиаторлар, нотариустар, пробация қызметкерлері және т.б тартылады.

Кабинеттер халықаралық талаптарға сай жасақталған.

Айта кетерлік жайт, мұнда балаларда назардан тыс қалмаған – бүлдіршіндер үшін арнайы ойын алаңқайы қарастырылған.

ҚР Бас прокурорының аса маңызды істер бойынша аға көмекшісі   мен Құқық қорғау қызметтері орталығының басшысы Сүлеймен Сағатбек атап өткендей, орталықты бірегей десе болады, себебі Қазақстан әлем бойынша алғаш болып бір терезе приціпі бойынша жұмыс істейтін бірыңғай қызметтін құрды.

«Орталықта 6 жедел қызметкерлерден тұратын құрам жасақталған, оның бесеуі күн сайын адамдарды қабылдап, олармен жұмыс істейтін болады. Барлық адамдар рұқсатнамасыз орталыққа кіре алады, яғни барлығы қолжетімді», - деді Сүлеймен Сағатбек.  

Толықтырып кететін болсақ, орталық дүйсенбі мен жұма аралығында (сагат 9:00-18:00) жұмыс істейді. 

Ақбота Күзекбай

Фото Арман Мухатов





Яндекс.Метрика