ҚР ИИДМБ

Б.Сағынтаев Павлодар облысында тау-кен байыту комбинатын жаңғырту барысымен танысты

Павлодар облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Бозшакөл тау-кен байыту комбинатын аралады, деп хабарлады primeminister.kz.
Павлодар21 Шілде , 12:27

Бақытжан Сағынтаев кәсіпорынды жобалық қуаттылығына шығару бойынша жұмыс кестесімен танысты. «Kaz Minerals PLC» басқарма төрағасы О. Новачук 2017 жылы жобалық қуаттылығына шыққаннан кейін Бозшакөл ТБК-да жыл сайын катодты эквивалентте 100 мың тонна мыс өндірілетінін баяндады.

Жобаны іске асыру аясында 1500 жұмыс орны құрылды. Жоспарланған жұмыс орындарының көлемі болған жағдайда өнімділік Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған мыс өндіретін кәсіпорындарға қарағанда 15 есе жоғары. Өндірісте озық жабдықтар мен технологиялар пайдаланылды, бұл саладағы халықаралық стандарттарға сәйкес автоматтандыру мен цифрландырудың жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік берді.

Жобаны кеңейту Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы технологиялық жаңғырту, жаңа технологиялар трансфері және бәсекеге қабілеттіліктің өсуі арқылы еңбек өнімділігін арттыру бойынша міндеттеріне сай келеді.

Айта кетейік, Павлодар облысы Төрт-Құдық ауылына жақын жерде орналасқан Бозшакөл мыс кен орны – әлемдегі игерілмеген ірі кен орындарының бірі. Кеніштің құрылысы 2012 жылы басталды. 2015 жылғы 11 желтоқсанда Бозшакөлде іске қосу мен жөндеу жұмыстары басталды. 2016 жылғы ақпанда бірінші мыс концентраты өндірілді.

Жыл сайынғы кенді қайта өңдеу 30 млн тоннаны құрайды. Орта есеппен алғанда қырық жыл бойы жыл сайынғы концентраттағы мыс өндіру көлемі 75 мың тоннаны құрайды. Бозшакөл кен орнының кен денесі бағалы ілеспе өнім – 5,26 млн унция алтынға (өндіріс көлемі – жылына 120 мың унция) және 57 мың тонна молибденге ие.




Яндекс.Метрика