Басқару

Бас прокуратурада Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ғимаратында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды. Орталық ХҚКО қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады.
Нұр-Сұлтан21 Шілде , 11:50

Орталық ауданы 1 мың шаршы метрге жуық және ол заманауи инженерлік-техникалық жабдықпен, электрондық кезек күту жүйесімен, «Connection Point» өз-өзіне қызмет көрсету секторымен, күту залымен және басқа да қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған қолайлы үй-жай болып табылады.

Орталық бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді және прокуратураға жүгінуге ниет білдірушілердің қолайлылығы үшін ашылып отыр. Басқа өңірлерден келген адамдар нақты іс бойынша қажетті ақпаратты операторлардан ала алады.

Бұл орталықта азаматтарды құқықтық мәселелері бойынша тәжірибелі прокурорлар қабылдайды. Орталықтың негізгі міндеті – шағымдарды жедел қарау, азаматтардың құқық қорғау және мемлекеттік органдарға деген сенімінің деңгейін арттыру, әкімшілік кедергілер мен бюрократияны жою.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика