Білім беру

ШҚО-да ауыл тұрғындары колледждерде кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады

Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындары колледждердің негізінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытыла бастады.
Шығыс Қазақстан21 Шілде , 16:31

Өңір әкімдігінде хабарлағандай, ол үшін шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарын қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға арналған мобильді оқу орталықтары ашылған.

«Адамдарды қазіргі уақытта талап етілетін мамандықтарға оқыту керек. Бірінші кезекте, бұл жерде мектеп түлектері туралы сөз қозғалып отыр», – деп атап өтті облыс әкімі Даниал Ахметов.

Өңір басшысы нарық қажеттіліктеріне сәйкес орта-кәсіптік даярлау саласындағы жұмысты аяқтауды тапсырды.  




Яндекс.Метрика