Инфрақұрылымды дамыту

Астанада апаттық жағдайдағы баспаналардың 189 иесі жаңа пәтерлерді иеленді

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» Бағдарламасының Астана қаласындағы апатты тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде «Елорда даму» ЖШС-імен құрылысы жүзеге асырылған Тархан - Жұбанов көшелерінің қиылысындағы пайдалануға берілген тағы бір 125 пәтерлік тұрғын үй бүгінгі күні жаңа қоныстанушыларды қабылдап жатыр, деп ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы28 Желтоксан , 16:15

«Соңғы екі ай ішінде «Елорда даму» ЖШС апатты тұрғын үйлердің 189 иеленушісін қоныстандыруға арналған 2 тұрғын үй пайдалануға берілді», - делінген хабарламада.

Тархан-Жұбанов көшелерінің қиылысындағы кешеннің құрылысы коммерциялық бағытқа ие және пилоттық жобаны қайта инвестициялау мақсатында жүзеге асырылды, бұл ретте ондағы пәтерлерді сатудан түскен қаражат жаңа тұрғын үйдің құрылысына бағытталатын болады, олардың бір бөлігі апатты үйлердің иеленушілерін көшіру үшін өтеусіз негізде тапсырылатын болады.

Үйдің құрылысы энерго-жылу үнемдеу технологиясының талаптарын есепке ала отырып, жүргізілген. Бұл тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер жайлылықтың 3 санатына жатады,ішкі орын-жайларды таза әрленген күйде (ламинат, тұсқағаз, бөлме аралық есіктер, санитарлық түйіндер мен асүйдің қабырғаларының қаптамасы - керамикалық плиткадан, жабдық - сантехника). Қасбет гранит және сәндік сылақпен әрленген. Бір бөлмелі пәтерлердің орташа ауданы - 36м2, екі бөлмелі пәтерлердің ауданы - 55м2, үш бөлмелі пәтерлердің ауданы -72м2.

2017 жылдың соңына дейін «Елорда даму» ЖШС тұрғын үйдің 616 мың м2 салуды жоспарлап отыр, оның ішінен 180 мың м2  немесе 3 519 пәтер 228 апатты тұрғын үйдің меншіктенушілерін көшіру үшін коммуналдық тұрғын үй қорына тапсырылатын болады.

 




Яндекс.Метрика