Өңірлер

Алматы экономикасына 400 млрд теңге тартылады

10 мың алматылық отбасы 2017- 2024 жылдары ескі үйлерді сүру бағдарламасы бойынша өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартатын болады. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбектің төрағалығымен өткен ескі үйлерге қатысты жасалған жаңа бағдарлама аясындағы көшпелі кеңес барысында мәлім болды.
Алматы қаласы21 Шілде , 13:31

Қала әкімдігі хабарлағандай,  қала аумағындағы 1034 ескі құрылысты  қайта  жаңартылмақ.

Қолжетімді баға бойынша қосымша 30 мыңнан астам пәтер салынады, қала тұрғындары  жаңа әлеуметтік нысандармен, мектептермен, бала бақшалармен, емханалармен, жаңартылған инженерлік коммуникациялармен, абаттандырыған аумақтармен және басқаларымен қамтамасыз етіледі. Ол үшін таяудағы  жеті жыл ішінде қала экономикасына жалпы көлемі 400 млрд. теңге жеке инвестиция тартылып,  70 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

«Біздің  басты мақсатымыз - тұрғын үйлерді жаңартып қана қоймай, оның бағасын төмендету, жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция тарту. Мемлекет басшысы тек «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ғана емес, сонымен қатар бюджеттен тыс қаржы есебінен де құрылыс салуды тапсырды. Біздің қалада бұл үшін  барлық жағдайлар бар, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыратын боламыз», - деді Бауыржан Байбек.

Ол жаңа үйлердің жобаларын жасағанда және құрылысты жүргізгенде коммуникация мен желілерге түсетін ауыртпалықты қатаң ескеру қажеттігін айтты және өкілетті органдардың назарын жаңа құрылыстар аулаларын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге аударды.

Қала басшысы жұмыс  сапары барысында  Жандосов көшесі бойындағы, Сүлейменов көшесі мен Щепкин көшесінің ортасына   «Ескі үйлерді сүру» бағдарламасы бойынша салынған үйдің сапасына сын айтты.  

«Құрылысты бұлайша жүргізуге болмайды.Бағасы төмен, қолжетімді баспаналар да сапалы салынуы тиіс»- деп атап өтті қала әкімі.

Ол  орын алған барлық кемшіліктерді түзетуді, салынған үйлер айналасына  ағашттар отырғызуды, балалар  және спорт алаңдарын салуды, тұрғындардың қозғалысы қиын топтары үшін қолжетімді ортаны ұйымдастыруды және  басқа да тиісті жағдайларды жасауды тапсырды.




Яндекс.Метрика