Адами капитал

2018 жылдан бастап мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмектің төлемі тоқтатылады

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмектің төлемі тоқтатылады. Мұндай ақпаратты Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.
Жамбыл21 Шілде , 15:33

Аталған бағдарламаның іс-шараларына сәйкес аудан, қала деңгейінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші кезеңде түсіндіру жұмыстарымен атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған балаларына мемлекеттік жәрдемақы алушылар және арнаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылары қамтылуда.

Айталық ағымдағы жылдың 6 айында аудан, қала деңгейлерінде 130 халықпен, кәсіпорындарда қызметкерлермен кездесу өткізілсе, кездесулерге 5104 адам қатысты.

Сонымен бірге басқарманың мамандары облыстық мобильдік топтар құрамында  жүріп, 15 елді мекендеге қабылдауға қатысып, әлеуметтік салада болып жатқан өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Наурыз-сәуір айлары басқарманың ұйымдастыруымен жаңа форматтағы атаулы көмектің тағайындау тәртібі және автоматтандырылған бағдарламаның жұмысы бойынша әр аудандағы Жұмыспен қамту орталықтарының және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметкерлерінің қатысуымен семинар –кеңестер өткізілді.

Аталған бағдарламаның іс-шараларына сәйкес аудан, қала деңгейінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші кезеңде түсіндіру жұмыстарымен атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған балаларына мемлекеттік жәрдемақы алушылар және арнаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылары қамтылуда.

Жұмыспен қамту орталықтары арқылы атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау және жұмыспен қамту шаралары шешілетінін ескеріп, қосымша ассистенттер мен консультанттардың штаттық бірліктерін енгізу қарастырылып жатыр.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы түсіндіру жұмыстары халықпен кездесу, аудандық, қалалық басылымдарда мақала жариялау, ауыл әкімдерімен және учаскелік комиссияның мүшелерімен семинар өткізу арқылы жүзеге асырылады.

 




Яндекс.Метрика