ҚР Президентінің Жолдауы

Қызылорда облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 5,5 млрд теңге бөлінген

Биыл Қызылорда облысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерін дамытуға мемлекеттік бюджет есебінен барлығы 5,5 млрд теңге қаржы бөлінген.
Қызылорда21 Шілде , 15:57

Өңір әкімдігінде хабарлағандай, облыста құрылыс қарқын алуда. Әсіресе, тұрғын үй құрылысы көптеп салынып, Сыр бойы бұл бағытта республикадағы көшбасшылар қатарына қосылды. БАҚ өкілдеріне арналған брифингте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы М.Әлсеріков саланың жарты жылдық жұмысының қорытындысын жария етті.

Әкімдіктің мәліметі бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерін дамытуға мемлекеттік бюджет есебінен барлығы 5,5 млрд теңге қаржы бөлінген, оның ішінде ҚР Ұлттық қорынан - 4,4  млрд теңге, облыстық бюджеттен 1,1 млрд теңге бағытталып отыр.

"Облыста жалпы ауданы 141,3 мың шаршы метрді құрайтын 41 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл жұмыстарға барлық қаржыландыру көздерінен 2 260,4 млн теңге қаржы бөлінді. Атап айтқанда, ҚР Ұлттық қорынан 1 562,5 млн теңге қаржы  Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесіндегі №2 орамдағы 160 пәтерлі №8 және 50 пәтерлі №16 тұрғын үйлердің құрылысы жұмыстарына  бөлінді. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде", – делінген хабарламада.

Есепті мерзімге барлық қаржыландыру көздерінен 267,7 мың шаршы метр тұрғын үй (өткен жылға 163,9 %) пайдалануға берілді, оның  83,7 мың шаршы метрі 19 көпқабатты тұрғын үй болса, (980 пәтер) 184,0 мың шаршы метрі жеке тұрғын үй.




Яндекс.Метрика