Өңірлер

Шағын несиелер бойынша өтеусіз негізде кепілдемелер беріледі - Қ.Көшербаев

Қызылорда облысында кәсіпкерлікті дамыту, барлық мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтудың қадамдары жасалуда.
Қызылорда21 Шілде , 09:56
"Бұл бағытта «Нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» жақсы мүмкіндік болып отыр. Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылы осы бағдарламаға орай мемлекет несие көлемін 18 млн теңгеге ұлғайта отырып, бұған қоса қайтарымсыз негізде шағын несиелер бойынша жұмысын жаңадан бастаған кәсіпкерлерге – 85%-ға дейін, жұмыс жасап жүрген кәсіпкерлерге 50%-ға дейін кепілдемелер ұсынуда", - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев облыстық мәслихат сессиясында есеп беру кезінде.
Спикер айтып өткендей, кәсіпкерлікті дамыту бұл қазіргі таңда ең маңызды басымдық болып табылады. Бұл – экономикалық өсім, салық, жақсы бюджет, жұмыс орындары және қоғамдық-саяси тұрақтылық. Бұл – әлеуметтік жағынан осал азаматтардың санын қысқартудың ең тиімді тәсілі. Сондықтан, шағын несиелендіруді ұлғайту мақсатында Үкіметтің қарауына қосымша 2 млрд теңге бөлу мәселесі ұсынылған. 
 
Аймақ басшысы бизнестегі әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында биыл өңірде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашылғанын атап өтті. Орталық кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша инженерлік желілерге рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды беру қызметтерін көрсетіп келеді. Қазіргі таңда аталған орталықтың қызметін электрондық форматқа ауыстыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
 
Қызылорда облысының әкімдігінде хабарлағандай, облыстағы жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірыңғай жол картасы қабылданып, оны іске асыру барысы қатаң бақылауға алынып, есепке қойылған.
 
Қаланың, әрбір ауданның және ауылдық округті экономика салалары бөлігінде мамандандыру бекітіліп, кәсіпкерлікті дамытуға жүргізілген мониторинг Ахуалдық орталықтың базасына енгізілді. 



Яндекс.Метрика