Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Елде жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау артты

Ағымдағы жылдың 6 айында жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау 18,7%-ға өскен немесе бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 500 мың адамға артқан, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан21 Шілде , 08:47

 2017 жылғы жарты жылдықта барлығы 3,2 млн. адам әуе компания қызметтерін пайдаланды.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ақпараты бойынша, өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда халықаралық бағыттар бойынша жолаушылар ағынының өсімі 46%-ды (2016 ж. – 113514 жолаушы, 2017 ж. – 165435 жолаушы) және ішкі рейстерде 24%-ды (2016 ж. – 190979 жолаушы, 2017 ж. – 237309 жолаушы) құрады.

 2016 жылы әуежай 3,5 млн. жолаушыға қызмет көрсетті. 2017 жылғы жарты жылдықта – 1,8 млн. жолаушыға қызмет көрсетілген. Жыл басынан бері шетелдік және қазақстандық әуе компаниялар 9 жаңа халықаралық бағытты ашты. «Ашық аспан» шеңберінде Астана – Хельсинкі, Астана – Варшава, Астана – Будапешт, Астана – Бейжің, Астана – Киев, Астана – Батуми, Астана – Нью-Дели, Астана – Ереван, Астана – Минеральные воды рейстері ашылды.

Қазақстанға польшалық LOT, венгриялық лоукостер Wizz Air, финдық Finnair, қытайлық Air China сияқты жаңа әуе тасымалдаушылары келді.




Яндекс.Метрика