Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Астанадағы жәрмеңкеде мыңнан астам жұмыс орны ұсынылды

Жұмыс берушілер ішінде – төрт жұлдызды ірі отельдер мен банктер бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Нұр-Сұлтан20 Шілде , 19:48

Білім, денсаулық сақтау, құрылыс салалары, қонақ үй қызметі, автопарк және Ішкі істер органдарынан 60-қа жуық жұмыс беруші барлығы мыңға жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. 

«Ірі жұмыс беруші ХҚКО болып табылады, 80-ге жуық бос орын ұсынды, оның ішінде тұрғындармен жұмыс жүргізетін мамандар қажет. Қызмет көрсету саласында ірі қонақ үй 40 жұмыс орнына, әртүрлі жұмыс істеушіден бастап, офис-менеджерге дейін іздеуде. Екінші деңгейлі ірі банктердің бірі кассирлер, IT-мамандар, келушілермен жұмыс жүргізуші маман орындарына таңдады. Әдетте осындай жәрмеңкеден кейін жұмысқа кем дегенде 100 адам орналасады», - дейді жұмыспен қамту орталығы баспасөз қызметінің басшысы Аяжан Айтжанова.

Ресми мәліметтер бойынша, 2017 жылдың 1 тоқсанында Астанада жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады. Елорда жұмыссыздық деңгейінің төмендігі бойынша әлі де көшбасшы орында, бұл көрсеткіш республикалықтан 0,3%-ға төмен.

Бүгінгі күнге Астана қаласының жұмыспен қамту орталығы базасында 1125 жұмыс беруші тіркелген. Олар 9 мың бос жұмыс орындарын ұсынуда.

 




Яндекс.Метрика