Халықаралық интеграция

Астанадағы Қазақстан-Корея ынтымақтастық форумына 10 елдің кәсіпкерлері келді

Астанада Қазақстанға қоныс аударылуының 80 жылдығына және Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 25 жылдығына арналған Қазақстан-Корея ынтымақтастық форумы өтті.
Нұр-Сұлтан 20 Шілде, 17:13

ҚХА хабарлағандай,  Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өткізілетін кезеңде, қоғамдық сананы жаңғыртудың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау көрсету мақсатында Қазақстанның болашағы зор бағдарламаларымен танысулары және қазақстандық бизнесмендер тарапынан серіктестерді іздестіру үшін 10-нан астам елден (Вьетнам, Германия, Испания, Канада, Колумбия, Қырғызстан, Корея Республикасы, Ресей, Өзбекстан, Украина, Жапония және т.б.) 200-ге жуық кәсіпкерлерді  Астанаға шақырды.

Форумның мақсаты – қазақстандық және шетелдік кәріс кәсіпкерлері өзара іс-әрекет жасауға арналған тұрақты коммуникациялық ақпараттық алаңша құру. 

 Форум шеңберінде «YBLN» шетелдік кәріс бизнесмендері желісінің және өз қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан мен Украинадағы 200-ден астам кәсіпкерді біріктіретін  ТМД елдеріндегі «ОКБК» кәріс бизнес-клубтары бірлестігінің кеңестері өтті. 

« Форумның екінші күнінде шетелдік қатысушылар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне барып, көрмеге қатысушы елдердің павильондарымен танысқан кезде өздерінің іскерлік байланыстарын кеңейте түсуге мүмкіндік алады», - делінген хабарламада.   

Айта кетейік,  іс-шараны ұйымдастырушы – Қазақстан халқы Ассамблеясының және Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігінің, Шетелдік кәрістерге жәрдемдесу қорының,  Корея Республикасының «KOTRA» Сауда және  инвестициялар жөніндегі агенттігінің қолдауымен «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі.   

 





Яндекс.Метрика