Ұлттың денсаулығы

Астанада үш түрлі велобағыт болады

Алдағы бес жылдың ішінде қалада велосипед пайдаланушыларына арналған үш түрлі маршрут пайда болады, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Нұр-Сұлтан20 Шілде , 18:49

Урбанизацияның жоғары деңгейі мен елорда халқының өсуіне байланысты көшедегі жол қозғалысының жүктемесін азайту мақсатында веложолдарды дамыту күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналды. Соған сәйкес, қалалық әкімдіктен велосипед инфрақұрылымын дамыту жоспары жүзеге асырылуда.

«Аталған жобаға сәйкес Астанада күнделікті-іскерлік (утилитарлы), рекреационды және туристік веломаршруттар пайда болады. Алғашқысы күнделікті бір нүктеден келесі бір жерге дейін (мысалы жұмысқа) жету мақсатында енгізіледі. Екіншісі қаладағы саябақтар мен өзен жағасындағы басқа да ландшафты-рекреациялық аймақтара велосипед бағыттарын дамытуды көздейді. Ал үшіншісі туристік мақсатта елордадағы туристік орындарды біріктіретін әрі қаланың туристік әлеуетін дамытуға бағытталған», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Астананың әкімшілік аудандарының әрқайсында уақытша велосипед маршруттарын дамыту жоспарланып отыр. Бұл бағыттар қолданыстағы велосипед инфрақұрылымының сұранысын қанағаттандып, демалыс және мереке кезіндегі жолдағы жүктемені азайтуға септігін тигізеді, дейді мамандар.

«Тұжырымдамаға сәйкес, Астана қаласындағы велосипед маршруттарының жалпы ұзындығы 1717 шақырымды құрайды. Оның 1362 шақырымы утилитарлы, 233 шақырымы рекреациялық, ал 32,6 шақырымы туристік және 19,4 шақырым уақытша бағдарлар болады», - делінген институт таратқан хабарламада.

Тұжырымдамаға сәйкес, алдағы уақытта Астанада пайда болатын веломаршруттар қызғылт сары түсте болады.

 




Яндекс.Метрика