Экономика

Жамбыл облысында мәрмәр ұнтағын өндіретін зауыт ашылды (ФОТО)

Талас ауданы Қаратау қаласында орналасқан «Қаратау ПРО» ЖШС-нің мәрмәр ұнтағын өндіретін кәсіпорыны ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл 20 Шілде, 18:17

«Елбасы «Қазақстан 2050 жылға қарай өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс» деген үлкен жауапты міндет жүктеген болатын. Сондықтан, экономикамызды индустрияландыру мәселесіне баса назар аударылуда. Бүгінгі күнді Талас ауданының әлеуметтік-экономикалық өміріндегі айтулы күн деп білемін. Өйткені, жаңа инвестициялық жоба іске қосылғалы тұр»,-деді өңір басшысы.

Жоба 2015 – 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды – инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Аталмыш жобаның құны – 1946.0 млн.теңгені құрайды. Жобаның жылдық  қуаттылығы – 110 мың тонна.  Қазіргі таңда зауытта  68 жаңа жұмыс орындары ашылды.  

2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, биылғы жылы облыста құны 15,4 млрд.теңгені құрайтын 12 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Осы жобалар аясында 1400 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.





Яндекс.Метрика