ҚР Президентінің Жолдауы

Атырау облысында бірегей МЖӘ жобасы жүзеге асырылып жатыр

Атырау облысында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында тиімді, әрі ерекше жоба жүзеге асқалы тұр. «Батыс транзит» АҚ МЖӘ аясында Атырау қаласының көше жарығын қамтамасыз етуді қолға алды.
Атырау 20 Шілде, 17:43

« «Батыс транзит» АҚ мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында мемлекеттік деңгейдегі кейбір жобаларды сәтті жүзеге асыра білген  компания. Мәселен, 2005 жылы осы кәсіпорын Солтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облысын электр торабымен байланыстыратын аймақаралық желінің құрылысын жүргізді», - делінген Атырау облысы әкімдігінің хабарламасында.

Бұл жобаларды іске асыру уақыт талабынан туып отыр. Атырау қаласының көтеген көшелері жарықтандырылмаған. Сондықтан аймақ басшылығы үшін түнде түнекке оранатын көшелерді жарықтандыру әлеуметтік тұрғыдан да маңызды іске айналды.

 «Қазақстандық мемлекеттік - жеке  меншік әріптестігі орталығы» АҚ екіарада кеңесші ретінде қызмет атқарды» Қазақстандық мемлекеттік - жеке  меншік әріптестігі орталығы» акционерлік қоғамының сарапшысы Шынасыл Ерназар

Осылайша, Атырау облысы әкімдігі мен Қазақстандық мемлекеттік - жеке  меншік әріптестігі орталығының қолдауымен бизнес үшін де, мемлекет үшін де тиімді жобалар іске аса бастады.

«Батыс транзит» АҚ жобаны іске асыру барысында мемлекет тарапынан қолдаудың мына түрлеріне қол жеткізді: Мемлекет құрылыс жүргізгені үшін компаниядан жер салығын алмайды, ішінара кейбір техникалық шығындарды жабады, инвестициялық және операциялық  шығындарды өтеп беріп жобаны басқарғаны үшін сыйақы төлейді.

 





Яндекс.Метрика