Үкімет

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,1%-ға ұлғайды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев СҚО Қызылжар ауданының Новоникольский ауылындағы кездесуде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен АӨК дамыту жаңа мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын талқылады.
Нұр-Сұлтан20 Шілде , 16:33

Primeminister.kz хабарлағандай,  ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкімет жұмысы Қазақстанның аграрлық экспорттық өнімнің ірі өндірушісі ретінде қалыптасуы бойынша міндеттерді шешуге бағытталған. Осы мақсатта биылғы жылдың басында АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, онда ауыл шаруашылығына қолдау көрсетудің негізгі тетіктері қарастырылған.

Үкімет аталған саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдайлар жасап жатыр. Соңғы 5 жылда тікелей мемлекеттік қолдау көлемі шамамен 3 есеге артты, астық түсімділігі мен еңбек өнімділігін арттырудың жүйелік шаралары қабылдануда.

Субсидиялаудың жаңа үлгісін енгізу нәтижесінде сапалы тұқымдарды егу мен тыңайтқыштарды қолдану көлемі 1,5 есеге өсті.

«Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға ұлғайтылды. Сонымен қатар, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 3,1%-ға, егіншілік шаруашылығы - 2,2%-ға ұлғайтылды. Осы кезеңде азық-түлік өнімдерінің өндірісі 7,5%-ға өсті», - деді   АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын бірінші жартыжылдықта іске асыру қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов баяндады.

«Азық-түлік корпорациясы» АҚ экспорттық әлеуетті арттыру үшін сыртқы нарықтарда отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ілгерілету бойынша оператор ретінде қайта құрылды. Мемлекет басшысының уағдаластықтықтарының арқасында шетелдік нарықтар ашылуда, соның қатарында ҚХР, БАӘ, Иран және т. б. бар.

АӨК саласында мемлекеттік қызметтер ұсыну үдерістері оңтайландырылып жатыр, құжаттардың мерзімдері мен тізімдері қысқартылуда, қосарланушы рәсімдер жойылуда. Биыл субсидиялардың үш түрін тағайындау үдерістерін автоматтандыру көзделген, келесі жылы жұмыс субсидиялардың қалған 15 түрі бойынша аяқталады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер импорт пен экспорттық саясат бойынша, мал шаруашылығындағы ветеринарлық қауіпсіздік, егін шаруашылығындағы субсидиялау мен сақтандыру, дизельдік отынмен және тыңайтқыштармен қамтамасыз ету туралы ұсыныстарын енгізді.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кеңес қорытындысын шығара отырып, ҚР ұлттық экономика министрлігіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге салық салу мәселесін пысықтауды, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігіне субсидиялау тетіктерін жетілдіре түсу мәселелерін бақылауға алуды тапсырды. «ҚазАгро» холдингіне аграршылар ұсынған инвестициялық жобаларды қарау тапсырылды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының әкімдіктері мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларының қатысуымен республикалық кеңес өткізеді деп күтілуде.

«Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесуде шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлік ортасын қайта реттеу, облыста өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланады.

Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен технологиялық жаңғырту, цифрландыру және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу, ИИДМБ-2 іске асыру және инвестициялар тарту мәселелерін талқылау бойынша жұмыс кеңесін өткізу жоспарланған.

Бақытжан Сағынтаев биыл көктемде су деңгейінің көтерілуінен залал тартқан Заречный кентінде су тасқындарын ескерту мен олардың салдарларын жою бойынша көшпелі кеңес өткізеді деп көзделіп отыр.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика