ҚР Президентінің Жолдауы

Батыс Қазақстан облысында МЖӘ аясында 8 жобаны жүзеге асыру жоспарланған

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 8 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Батыс Қазақстан 20 Шілде, 16:17

 «Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жеке қаржыны қызмет көрсету саласына көбірек тартуға шақырды. Алғашқылардың бірі болып Батыс Қазақстан облысының әкімдігі бұл ұсынысты түсіністікпен қабылдады. Негізінен 4 бағыт, атап айтқанда сенімді басқару, мүліктік жалға алу, лизинг және сервистік қызмет бойынша жобаларды қолға алдық. Осы орайда, атқарушы орган мен жеке кәсіпкерлер арасында іскерлік тығыз қарым-қатынас қалыптасып, бірлесе алға қойған жоспарларды іске асырамыз деп ойлаймыз», - деп атап өтті  «Қазақстандық мемлекеттік - жеке  меншік әріптестігі орталығы» АҚ-ның вице-президенті Айдос Көбетов.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Батыс Қазақстан облысында 4 жаңа әлеуметтік жоба жүзеге асыру реті қарастырылды. Осы орайда БҚО әкімдігі мен «Қазақстандық мемлекеттік - жеке  меншік әріптестігі орталығы» АҚ бірлесіп, «Атамекен» АКП алаңында көпшіліктің назарына ұсынды.

«Қазақстандық мемлекеттік - жеке  меншік әріптестігі орталығы» АҚ  хабарлағандай,  әрбір жоба аймақ тұрғындарына ұсынылатын қызметтің сапасын арттыруға бағытталған.Оның бір мысалы, Орал қаласындағы «№7 қалалық емхана» МКК сенімді басқаруға өткізу.

Қабатты емхана кешені алдында өз ауласы бар. Жеке кәсіпкер ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, орталықты озық үлгідегі медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуді міндетіне алады. Осы емханада инвестор  тегін кепілдендірілген медициналық көмек ауқымын шектемей, ақылы және медицинадан өзге қызмет түрлерін жасау арқылы табыс табады. Тараптар арасындағы келісім-шарт  10 жылға жасалады.

Таныстырылымға ұсынылған тағы бір жоба облыстық дәрежедегі «Чапаево-Жанқала-Сайқын, 0-337 км» күре жолын күтіп ұстау, күрделі және орташа жөндеу  жүргізіп отыруға есептелген. «Облыстық клиникалық аурухана» қалалық коммуналдық кәсіпорнына магнитті-резонанстық томография жабдығын лизингке сатып алып, тұрғындарға қызмет жасауға бағытталып отыр.Орал қаласындағы орта мектеп асханаларындағы мүлікті жалға ала отырып, қызмет көрсетуді қамту.





Яндекс.Метрика