Өңірлер

Қарағандыда мемлекеттік бағдарлама аясында су таратқыш құрылғы салынады

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданындағы Үміткер ауылында жаңа су таратқыштың құрылысына қатысты мәселе талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды20 Шілде , 19:13

«Аймақты дамыту-2020» бағдарламасы шеңберінде Үміткердегі су таратқыш құрылысына 2017-ші жылы республикалық бюджеттен 168 млн 450 мың теңге бөлінді. Нысан 2018-ші жылға ауыспалы болған. Алайда, ауыл тұрғындарының ауыз суға қатты мұқтаж болуына байланысты облыстық бюджеттен қосымша қаражат қарастырылған. Су таратқыш осы жылы салынады – 1-ші қазанға дейін», - делінген хабарламада.

 «Агропромремстрой» ЖШС мердігерлік компанияның директоры Сатыбалды Жолдыбаев жиналысқа келгендерге жұмыс барысы туралы баяндады. Оның айтуынша бір айдың ішінде жалпы көлемнің 40%-ы орындалған.

 Фирма басшысы құрылыс уақтылы аяқталатынына уәде берді. «Центргеолсхемсъемка» ЖШС-нің жетекші гидрогеологы Саят Балықбаев ұңғымадан шыққан ауыз суының сараптамасының нәтижесі оның алдағы 27 жылға сапасы жоғары болатынын растағанын жеткізді. 

 




Яндекс.Метрика