Өңірлер

Жамбыл облысында жер учаскелерін тұрғындарға беруге дайындауда

Есепті мерзім аралығында облыс аудандарында жерге құқықтарды табыстау мақсатында 4 аукцион өткізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Бейбітбек Жайлыбаев айтты.
Жамбыл20 Шілде , 15:57

Б.Жайлыбаевтың сөзіне сенсек, аукциондар арқылы сатылымға аумағы 12,6 гектар жер учаскелері шығарылып, олар 51 млн. теңгеге бағаланып сатылды.

Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38 млн. теңгеге артып отыр.

Сондай – ақ, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаның бір бағыты жеке тұрғын үй секторын дамыту болып табылады. Бұл орайда құрылыс үшін бөлінген аймақтарға мемлекет есебінен инженерлік инфрақұрылым желілерін тарту көзделген.

Оны жүзеге асыру үшін құрылысқа  белгіленген аумақтардағы жерлер мемлекет мұқтажы үшін алынуы тиіс. Бұл шараны дер кезінде жүзеге асыру үшін бірінші кезекте облыстың елді мекендерінің шекаралары Бас жоспарларға сәйкес қайта заңдастырылып бекітілуі керек.

2005 жылдан бастап  жер учаскесінің кезегінде тұрғандар саны 101054 адам о.і. (Тараз қаласында 66372, Байзақта 4146, Жамбылда 5655,  Қордайда 12542, Меркіде 3602, Т.Рысқұловта 2659, Шуда 4603).

Облыс көлемінде биылғы жылы 249 га жер дайындалып, 2247 учаске саны берілуге дайындалуда.

Ендігі кезекте анықталған босалқы жерлер құрамындағы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге қолайлы жерлер аграрлық салаға инвестициялар салатын инвесторларға беру көзделуде.




Яндекс.Метрика