Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік

ШҚО-да «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 80 отбасы пәтерге ие болды

Шығыс Қазақстан облысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 80 отбасы пәтер алды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан28 Желтоксан , 15:25

«Жаңа жыл қарсаңында Зыряновск қаласында Шығыс Қазақстан облысындағы ардагерлерге, жас отбасыларға, дәрігерлер мен мұғалімдерге, мемлекеттік қызметкерлерге салтанатты түрде жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Осылайша «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 80 отбасы пәтер алды», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жекелеген инвестиция есебінен 80 пәтерлік тұрғын үй құрылысының инженерлік желі мен үй құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалды.

Бюджеттік қаржыландыру есебінен тұрғын үйге сыртқы желілер жасалып, қажетті инфрақұрылым дайындалды. Өз кезегінде «ӨскеменПласт» компаниясы тұрғын үйдің құрылысын аяқтады.

Жалпы, осы тұрғын үйдегі пәтерді иелену үшін республикалық бюджеттен 353 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.

Айта кету керек, Зыряновск қаласы моноқалаларды дамыту бағдарламасына енген болатын. Оқазіргі таңда мұнда тау-кен мен металлургия өнеркәсібі қарқын алуда.




Яндекс.Метрика