Шағын және орта бизнесті дамыту

Ақтауда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Кеше Ақтауда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының салтанатты ашылуы болып өтті. Мекеме «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорының жанынан ашылды, деп қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау 28 Желтоксан, 15:02

«Біздің мемлекетте шағын және орта бизнесті қолдау үшін бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Маңғыстау облысында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ашылуы тағы бір айқындық болып есептеледі. Себебі, мықты бизнес, мықты – мемлекет», - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Ильмуханбетова.

Айта кетерлігі, өткен жылдың күзінен бастап, КҚО Алматы, Шымкент, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Қызылорда, Семей, Өскемен, Қостанай, Талдықорған,Атырау мен Петропавл қалаларында ашылды.

« «Даму» қоры құрылғаннан бастап, шағын және орта бизнесті қолдаудың қарқыны өсті. Ол мемлекеттік қолдаудың сапасы мен санын арттырды. Сондай-ақ, ол кәсіпкерлердің шығынын азайтып, бизнестің дамуына өз септігін тигізеді», - деді Ғабит Лесбеков.

КҚО- бұл барлық қызметтердің тоғысқан жері. Бизнестің ең өзекті сұрақтарына жауап беріп, жол бағыттайды.





Яндекс.Метрика