Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

Қостанай облысында репродуктор- шаруашылық іске қосылды

Қостанай облысы Қарабалық ауданында репродуктор шаруашылығы іске қосылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қостанай28 Желтоксан , 14:00

«800 бас ірі қара шаруашылығы «Терра» ЖШС-нің Индустрияландыру картасы аясында іске қосылды. Бұл аудандағы төртінші инвестициялық жоба», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, шаруашылық абердин-ангус тұқымды етті ірі қара малын өсірумен айналысады. Жобаның жоспарлы көрсеткіші 1 млрд теңгеден асады.

Шаруашылық жылына 427 бас малды асырауды жоспарлап отыр. Нәтижесінде жыл сайын 60 тонна ет өндірмек. Жаңа нысанда 30 жаңа жұмыс орны ашылды.




Яндекс.Метрика