Ақша-несие саясаты

Ескі үлгідегі қазақстандық банкноттарды қолдану 2015 жылдың соңына дейін ұзартылды

ҚР-да ескі үлгідегі 5 және 10 мыңдықтарды қолдану 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан28 Желтоксан , 14:33

«2006 және 2011 жылдары шыққан 5 және 10 мыңдықтар 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылатын болады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, банкноттарды параллельді қолдану банктар мен төлемдер арқылы жүзеге асады.

«Екінші дәрежелі банктер аталмыш номиналдардың уақыты өтсе де 12 ай аралығында ол ақшаларды қабылдап, ауыстырып бере алады. Үрдіс заңды және жеке тұлғаларға бірдей. Ал 12 ай өткеннен соң ескі банкноттар Ұлттық банкке сараптама жүргізу үшін жіберіледі», - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, Ұлттық банк филиалдары 3 жыл ішінде ескі банкноттағы номиналды қабылдайды.




Яндекс.Метрика