Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Қостанай облысында археологиялық карта дайындалуда

Қостанай облысының археологиялық картасы 2015 жылы дайын болады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қостанай28 Желтоксан , 13:30

«Келер жылы, мамандардың айтуынша, карта құрыла бастамақ. Бұл жұмыстар Қостанай облысындағы 2014 жылғы ұлттық тарихты зерделеу мен насихаттау аясында атқарылмақ», - делінген хабарламада.

Биыл да облыс көлемінде ұлттық тарихты зерделеу бойынша айтарлықтай істер атқарылды. Оған білім беру, мәдениет басқармасы, ішкі саясат бөлімі мен үкіметтік емес ұйымдар ат салысты. 2014 жылы аталмыш жұмыстар жалғасын табатын болады.

«Биыл түрлі мемлекеттік тапсырмалар көлемі 7,3 млн теңгені құрады. Ішкі саясат басқармасының сараптамасына сүйенсек, келер жылы бұл көрсеткіш 14 млн теңгеге өспек. Бұл аталмыш бағыт бойынша мемлекеттік тапсырыстың артуына байланысты. Сонымен қатар, кей өңірлерде әлгі топтамалар мүлде қарастырылмаған», - деп түсіндірді облыс әкімінің орынбасары С.Бектұрғанов.

2014 жылы «Тарих ағымындағы халық» бағдарламасы аясында түрлі көрмелер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, кездесулер өткізіледі. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша ресурстық орталық құрылады. Сонымен қатар, ұлтаралық достықты насихаттайтын «Достастық керуені» іске кіріседі. Бұлардан бөлек өңірдің археологилық картасы да көпшілік қолданысына ұсынылмақ.

«Бұл жұмыстар Қостанай Мемлекттік университеті жанындағы археологилық лаборатория көмегімен антропологтар тарапынан атқарылады. Нәтижесінде археологиялық ескерткіштердің орналасуы мен жағдайын нақтылау үшін шалғайдағы өңірлерді аралау керек болады», - деді Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директорның орынбасары Г.Саталкина.

Археологиялық картаға 700 мың теңге жұмсау көзделіп отыр. Одан кейін оқымыстылар археологиялық атласты қолға алулары мүмкін.




Яндекс.Метрика