Инфрақұрылымды дамыту

Оралда 180 жас отбасы жаңа баспанада қоныс тойын тойлады

Оралда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 90 пәтерлі екі бесқабатты баспана қолданысқа берілді, деп Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Батыс Қазақстан28 Желтоксан , 12:15

«Аталмыш ғимараттардың құрылысы 2012 жылда басталып, 2013 жылдың қыркүйек айында аяқталды. Жаңа үйлерді қаржыландыруға республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 775,59 млн теңге бөлінді. Бір және екі бөлмелі пәтерлі үйлер 40 және 60 шаршы метрлік аумақты қамтиды. 2014 жылдың басында тағы да бес үй пайдалануға беріледі. Оның екеуі жас отбасыларға, ал үшеуі кезекте тұрғандарға арналады. Жаңа жылда жаңаша үлгідегі, іші кең әрі жарық, жылы үйге қол жеткізу 180 жас отбасы үшін керемет сыйлық болды», - делінген хабарламада.

 «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 2013 жылы 7 үй салынды. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 27 желтоқсанда Зашаған кентінде жас отбасыларға 90 пәтерлік екі бес қабаттық үй берілді.

 

 




Яндекс.Метрика