Евразиялық экономикалық кеңістік

«Бәсекелестік туралы» үлгілік заң БЭК жағдайында Қазақстанның позициясын нығайтуға мүмкіндік береді - Н.Алдабергенов

Ағымдағы жылдың қараша айында үш мемлекеттің басшылары қол қойған «Бәсекелестік туралы» Үлгілік заң БЭК жағдайында Қазақстанның позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Primeminister.kz сайты Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша алқа мүшесі (министр) Нұрлан Алдабергеновке сілтеме жасай отырып хабарлады.
Казахстан28 Желтоксан , 11:45

«Қазір бізде бәсекелестік туралы үш заң бар, және үш мемлекеттің барлық үш заңы түрлі деңгейлерде. Шекараларымыз ашық болғандықтан, біздің алдымызда тұрған бірінші міндет – бұл жақындау болды, яғни біз ұлттық бәсекелестік заңнамаларымызды жақындатуымыз керек. Сондай-ақ үш заңнамада қажетті деп санаған нормаларды анықтауымыз керек. Қазақстан үшін заң бұзушылықтардың барлық түрлерін тоқтатуға мүмкіндік беретін нормалардың бар болғаны маңызды», - деді Н.Алдабергенов.

«Мемлекеттік сатып алулар бойынша бірінші норма – сауда-саттықтағы монополияға қарсы бақылау. Қазір Қазақстанда БҚА ол жұмысты жүргізбейді, ал Ресейде бұл норма қолданылады – бұл халықаралық тәжірибе. Ол Қазақстанға не үшін қажет», - деп жалғастырды ол. 

ЕЭК министрі түсіндіргендей, келесі жылдан бастап Қазақстан Ресей мен Белорусьтің ашық электрондық сауда-саттығына кіреді, ал олар өз алдына Қазақстанның электрондық сауда-саттығына қатысады. Ресейде осы келісімдерге қарайтын монополияға қарсы органдар бар, ал Қазақстанда ол жоқ. Мұндай жағдайда бұл норманың да болғаны жөн. 

«Заңның екінші нормасы - дисквалификация. Бұл ЕО елдерінде, АҚШ-да кеңінен қолданылатын норма. Егер кәсіпорын монополияға қарсы заңнаманы бірнеше рет бұзатын болса, айыппұлдардан бөлек оны 3 жылға дейінгі мерзімге біліктілігінен айырады. Ресейде бұл норма да бар, егер ол Қазақстанда болмаса, бұл Қазақстандағы ресейлік және белорустық кәсіпорындардың қайта тіркеуіне алып келуі мүмкін», - деп есептейді Н.Алдабергенов.

Оның пікірінше, Үлгілік заң бәсекелестік заңнамаға қажетті барлық қажет нормалардан тұрады. Басқаша айтқанда, олардың болуы Бірыңғай экономикалық кеңістік шарттарында Қазақстан позициясын нығайтады, барлық мүмкін заң бұзушылықтарды тоқтатады. 

«Бәсекелестік шарттарында бізге нарықтарға ену маңызды, сәйкесінше біз үшін тең шарттар құру маңызды. Осыған қатысты Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев КО елдері нарықтарына ену жайлы айтып, алдымызға сондай мақсат қояды. Екінші міндет – тең бәсекелестік шарттарында өз нарығын қорғау. Заң кепілдемелік сипатқа ие, бұл нормаларды үш мемлекеттің заңнамаларына бір жылдың ішінде енгізу жоспарланған», - деп түйіндеді Н.Алдабергенов.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика