Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу

Теміртаулық инженерлер көше бақылайтын камераларды құрастыруда

Теміртауда «Паутина-9» күзет фирмасы қызметкерлері ғаламтор арқылы бақыланатын өздерінің төл көше бақылау камераларын ойлап шығарды.
Қарағанды28 Желтоксан , 12:00

Теміртау көшелерінде бақылау камераларының орнатылуы бірнее жыл бұрын қолға алынды. Сол кезде «Паутина-9» күзет фирмасының камераларды орнату мен оны бақылауына ауа райының қолайсыздығы кедергі келтірді. Фирма басшылығы осы кезде астық пен суыққа төтеп беретін камера ойлап табу керектігі жайлы шешімге келді.

«Бұл камералар мынадай ерекшеліктерге ие: түн мезгілінде нысанды күндізгідей көруге мүмкіндік беретін инфрақызыл түсті, ауа райының кез келген жағдайына төтеп беретін термоқаптамалы, 4 абатты зумға ие», - дейді «Паутина-9» фирмасының монтаждаушысы Антон Золенко.

Сонымен қатар, қазіргі таңда фирма инженерлері Ресей мен Беларусь мамандарымен бірлесе отырып камераның жаңа түрлерін құрастыруда. Ол камералар қызметі жағынан атақты брендтерден артық болмаса кем емес. Қазіргі кезде жұмыстың шамамен 80%-ы аяқталды.

Фирма қызметкерлері тарапынан тағы бір жаңалық – ол камераның трансляциясын онлайн жүйемен көрсететін мобильді телефон қосымшасы.

«Бір жерде тұралап қалуға болмайды. Оның үстіне техника да күн санап өзгереді. Біз заман ағысынан қалып қоймауға күш саламыз. Біздің де шет елдегі сияқты қоршаудың әр жағын көріп отыра алатындай құрылғы жасауға мүмкіндігіміз жетеді», - дейді фирманың техникалық директоры  Вадим Шарапов.

Қазірде Теміртау көшелерінде 115 камера бар. Келер жылдан бастап «Паутина-9» ЖШС тағы 10 камера орнатуды жоспарлап отыр. Мұның бәрі қала тыныштығы үшін жасалып жатыр.




Яндекс.Метрика