Экономика

Ұлттық аккредиттеу орталығында аккредиттеудің жаңа бағыттары меңгерілді

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің медиа-орталығында Техникалық реттеу және метрология комитетіне қарасты Ұлттық аккредиттеу орталығының бас директоры Мақсұт Өмірханов аккредитацияның отандық өнімдерді экспорттауға қалай ықпал ететін айтып, Қазақстан Республикасындағы аккредиттеу жүйесін түсіндірді.
Астана қаласы 17 Шілде, 16:56

«Бүгінгі күні ҰАО мынадай аккредиттеудің жаңа бағыттары бар:ҚР СТ ISО 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапасы мен құзыреттілігіне қойлатын талаптар», МЕМСТ ISО/ІЕС 17024-2014 «Сәйкестікті бағалау. Персоналды сертификаттауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын жалпы талаптар»ғ ИСО/ХЭК 17020-2020 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция органдарының әртүрлі типтерінің жұмыстарына қойылатын талаптар».Бүгінгі күні персоналды сертификаттау жөніндегі 6 орган және 15 медициналық зертхана аккредиттелді. Осы бағыттағы жұмыс жоспарлық түзімде жүргізіліп жатыр», - деді М.Өмірханов.  

Сонымен қатар, 2015 жылдың соңында біз бірінші рет «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін әртүрлі типтегі органдардың жұмысына қойылатын талаптар» ИСО/ХЭК 17020-2012 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестікке инспекция жөніндегі органды, атап айтқанда олар дәнді дақыл, бұршақ дақылдары, май дақылдары және қайта өңдеу өнімдері, сондай-ақ жеміс көкөніс дақылдары мен құмыра өсімдіктері саласында аккредиттедік.

«Тұтас алғанда, осы бағытты дамыту сондай-ақ ДСҰ шеңберінде өзара іс-қимыл жағдайында, атап айтқанда жүк жіберу алдындағы инспекция құру жөнінде міндеттердің мәселелерінде  өзекті», - деді М.Өмірханов.

Отандық өнімдерді экспорттауға ықпал ететін тағы бір тетік – ол Ұлттық аккредиттеу орталығының халықаралық аккредиттеу ұйымының мүшесі болуы.

Сондай-ақ, аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымға мүше болу саудадағы техникалық кедергілерді алып тастау, шетелде отандық өнімнің алға басуына, сәйкестікті бағалау жөніндегі рәсімдер жүргізу кезінде қосымша шығыстарды төмендету мақсатында жасалған.

«Осы тер төгуді қажет ететін ұзақ жұмыстың нәтижесі ILAC MRA белгісімен сынақ хаттамасы және IAF MLA белгісімен сәйкестік сертификаты болып табылады.Сонымен 198 зертхана шартқа қол қойды және ILAC MRA зертханалық біріктірілген белгісін пайдалануға құқық алды. IAF MLA аралас белгісіне сәйкес сертификатқа келер болсақ, ондай сертификаттар негізінен  Финляндия, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясы сияқты елдеге жіберілетін көмірге, лак және бояу өнімдеріне, рапс жомына, соя жомына, балық консервісіне берілген», - деді М.Өмірханов.

Сондай-ақ  табиғи, минералды емдік-асхана суына берілді. Өнімдер Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғаныстан, Қытай, Жапония, Иран, Сербия, Испания, Ресей, Белоруссия, Әзербайжан, Грузия, Польшаға экспортталды.

Бүгінгі күні ҰАО 1445 субъекті аккредиттелді, оның ішінде:   89 – өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органдар, 73 – менеджмент жүйесі бойынша сәйкестігін растау жөніндегі органдар, 800 – сынақ зертханалары, 401 – салыстырып тексеру зертханалары, 50 – калибрлеу зертханалары бар.

Ақбота Күзекбай 





Яндекс.Метрика