Цифрлы Қазақстан 2020

Электрондық хаттама: айыппұлдарды тез әрі ыңғайлы рәсімдеу (ФОТО)

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет мақсаты әкімшілік іс жүргізуді электрондық форматқа ауыстыру болып табылатын электрондық хаттамаларды құру жөніндегі пилоттық жобаның іске қосылғандығы туралы хабарлайды.
Астана қаласы 17 Шілде, 17:34

Бас прокуратураның  құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті хабарлағандай, жасалған жол жүру ережесі бұзушылығының хаттамасын рәсімдеу үшін адамның ЖСН-н енгізсе жеткілікті, қалғанын жүйе өзі шығарады.

«Жыл сайын елімізде шамамен 4 миллиондай әкімшілік іс қозғалды. Олар бойынша 64 мемлекеттік орган хаттама жасайды. Соттардан бөлек осы істерді 50 уәкілетті орган қарайды, яғни осы салаға барлық мемлекетік аппараттардың және еліміздің әрбір төртінші азаматының қатысы бар. 2016 жылы жалпы сомасы 6 млрд. теңгеден астам болатын 3 миллион айыппұл салынған, ал бұл барлық әкімшілік істердің 75%-ы. Демек, бұның үлкен үлесі ішкі істер органдарына тиесілі. Елбасы кейінгі Жолдауында цифрлық технологияны дамытуды тапсырды. Сондықтан, бүгінгі күні біз ҚР ІІМ-мен бірлесе отырып, хаттамаларды электронды рәсімдеу жобасын іске қостық. Бірінші кезеңде жол жүру ережелерінің бұзушылықтарын ғана аламыз.» - деді ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі.

Электрондық хаттама айыппұлдарды тезі әрі ыңғайлы рәсімдеуге мүмкіндік береді, ол азаматтың және полиция қызметкерінің уақытын үнемдейді, сондай-ақ полиция қызметкерлерін қағазбастылықтан шектейді.

Деректер қорларымен тікелей байланыс жасау құқық бұзушы, сондай-ақ көлік құралы туралы барлық қажеті ақпаратты алуға, құқық бұзушылықты жасаудың қайталануын ескере отырып, оның дұрыс саралануына мүмкіндік береді.

Фото: Бауыржан Жуасбаев 





Яндекс.Метрика