Шағын және орта бизнесті дамыту

БЖК-2020: Қызылордада «ШОБ-ты дамытуға арналған қаржы-несиелік қаражаттардың рөлі туралы» атты дөңгелек үстел өтті

Қызылордада «ШОБ-ты дамытуға арналған қаржы-несиелік қаражаттардың рөлі туралы» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл жөнінде «Даму» ҚФ өңірлік филиалы Кәсіпкерлікті қолдау орталығының менеджері Найля Ахметханова хабарлады.
Қызылорда19 Желтоксан , 00:00

«Дөңгелек үстелге» кәсіпкерлер, облыстық кәсіпкерлік пен өндіріс басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің өкілдері шақырылды, деді ол. – «БЖК-2020» бағдарламасын және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру есебінен бизнесті мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары талқыланды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының өнімдерін жүзеге асыру нәтижелерін «дөңгелек үстел» басында «Даму» Қоры өңірлік филиалының өкілдері мәлімдеді, - деп нақтылады Ахметханова. – Бүгінгі күні өңір бойынша жалпы сомасы 13,5 млрд теңгені құрайтын несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін жергілікті кәсіпкерлердің 111 жобасы мақұлданды. Соның ішінде 10,66 млрд теңге сомасындағы 71 жоба бойынша облыс кәсіпкерлері банк пайызы бойынша шығындарды өтеуге субсидиялар алуда және төрт жоба бойынша 65,5 млн теңгеден астам сомаға кепілдеме берілді». 




Яндекс.Метрика